Зияткерлер Республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпаз атанды

Республикалық ғылыми жобалар байқауының желілік кезеңі Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектептерінен жиналған 200-ге жуық оқушы қатысты.

Екі күн бойы зияткерлер «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық дамудың негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағдарлар» сынды бағыттар бойынша инновациялық жобаларын арнайы қазылар алқасының алдында қорғады. Төрешілер құрамында Алматы қаласының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының 35 профессоры, Phd докторлары және оқытушылар болды.

Жаңашылдық, ноу-хау идеялар, ғылым және шығармашылық төрелік еткен алаңға 13 инновациялық жобасымен біздік мектептің де 16 оқушысы қатысқан болатын. Олардың 9-ы жеңімпаз атанды.

                                                              

Байқау нәтижесі бойынша І дәрежелі дипломмен 12 сынып оқушысы Есімхан Дәулеткерей, 11 сынып оқушылары Васильев Сергей және Четин Сулейман, 10 сынып оқушысы Ибраева Аружан марапатталды.  ІІ дәрежелі диплом 9 сынып оқушысы Тарасова Алинаға бұйырды. ІІІ дәржелі диплом 10 сынып оқушылары Асанова Алия, Аязбай Ақмарал, сондай-ақ 9 сынып оқушылары Васильева Софья мен Ералиева Маржанға тиесілі.

Құттықтаймыз!

You may also like...