Зияткерлер тобы астротурнирден жеңімпаз атанды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Республикалық Астрономиялық турнирге қатысып,бірінші жүлделі орынды иеленді.

Аталмыш жарыс «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында ұйымдастырылды. Турнирге еліміздің барлық аймағынан, сондай-ақ көрші Қырғызстаннан келген 23 команда қатысты. Олардың жұмысына Қазақстанның, Украинаның әйгілі астрофизик ғалымдары төрелік етті.

                                                                  

Астротурнир – жыл сайын жоғары сынып оқушыларының арасында өтетін күрделі зерттеу және ғылыми мәселелерін шеше білудің командалық жарысы. Қатысушы топтардың міндеті – берілген мәселенің шешімін ұсынып, оны ғылыми пікірталастарда қорғау.

Осы міндетті үздік орындап, терең физика-математикалық білімі мен дайындығын дәлелдей білген оқушыларымыз Стамбаев Әли, Атабаев Азамат, Манабаев Жәнібек, Сиранов Жәңгір және Төлебай Әліби сынды зияткерлерімізді құттықтаймыз! Мықты команданы дайындап, білім биігіне жетелеген физика пәні мұғалімі Мансұрова Айжан Ақжігітқызына алғыс білдіреміз!

You may also like...