Ұстаз беделі – қоғам беделі

Ұстаздар және олардың мәртебесі еліміздегі мемлекеттік саясаттың күн тәртібінде талқыланып жүргені баршамызға мәлім. Ұстаз беделі – ең алдымен қоғамның беделі екені де бізге аян. Осы ретте, оқу ордамыздың жас өрендерін білім нәрімен сусындатып жүрген ұлағатты ұстаздарымыздың мерекесі «Ұрпақтар сабақтастығы» атты арнайы апталық ретінде аталып өтті.

Мұғалімдер мерекесіне арналған апталық ұлтымыздың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлына арналған қойылымды тамашалаудан басталды.                                                                                        

Ертеңінде «Ziyatker Talks» форматында өткен мектепішілік біліктілікті арттыру курстарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Өз тәжірибесімен бөлісуге ниет білдірген ұстаздарымыз бір-біріне жеке курстарын ұсынды. 20-дан астам презентациялық курстар оқыту әдістемесін жетілдіруге ғана емес, сондай-ақ, педагогикалық практикада зерттеулер жүргізуге, оқушылардың іздену дағдыларын дамытуға арналды. Айта кететіні, шара форматы мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, көңілінен шықты.

Апта ортасында мектеп мұғалімдерінің кіші педагогикалық кеңесі өтті. Кеңес барысында білім ордамызға жаңадан келген педагогтарды ұжымға таныстырып, ұстаз қатарына қабылдау шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында ардагер ұстаздар жаңадан қадам басқан мұғалімдер қауымына сәттілік тіледі. 

«Ұстаз – ұлы тұлға» атты концерттің де жөні бөлек. Оқушылар ұйымдастырған концерттен ұстаздар керемет әсер алып, шәкірттерінің ерек құрметіне бөленді.

                                                         

                                                         

                                                         

Мерекелік апталық ұстаздар қауымының «Алмасай» саябағына тимбилдингімен аяқталды.

You may also like...