АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ КОНЦЕРТ ӨТТІ

МЕКТЕПТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ КОНЦЕРТ ӨТТІ

1 наурыз – елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтатын күн. Өткен ғасырдың басында депортацияға ұшыраған мыңдаған адамның отбасы қазақ жеріне көшірілген еді. Қазақ халқы оларды жатсынбай, өз туғанындай қарсы алды. Бүгінде сол түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды Отаным деп біледі. Біте қайнасып, бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды. Бүгінгі концерттің де мақсаты – ұлттар арасындағы достықты паш етіп сахналау, құрмет пен ізгіліктен бастау алатын «алғыс айту» секілді ең асыл қасиетті дәріптеу. Концертте көркемөнерпаздар мың бұрала би билеп, әуелете ән шырқады. Түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрінен сыр шертер көріністер де сахналанды. Сондықтан мерекелік концерт жиналғандарға жоғары көңіл-күй сыйлады. Кеш соңында мектептің қоғамдық жұмыстарына белсенді ат салысып жүрген ата-аналарға алғыс хаттар табыс етілді.

You may also like...

Концерт ко Дню благодарности

Концерт ко Дню благодарности

Праздничный концерт, посвященный ко Дню благодарности прошел в Назарбаев интеллектуальной школе. Наполненный особым смыслом праздник был утвержден Президентом именно в день образования Ассамблеи народа Казахстана. Несмотря на то, что этот праздник появился в календаре недавно, для казахстанцев он уже стал одним из самых ожидаемых. Именно в этот день все этносы, проживающие в стране, выражают благодарность казахскому народу за гостеприимство, щедрость, милосердие, доброту и дружбу. В начале прошлого столетия представители многих народов были депортированы в Казахстан. Қазахи оказали семьям-переселенцев всяческую помощь и поддержку. Для них Казахстан стал настоящей родиной. Под одним шаныраком в дружбе, мире и согласии сегодня проживают представители свыше 100 этносов. Празднование Дня благодарности способствует укреплению единства и сплоченности всех этносов. Именно эту цель и преследовали инициаторы концерта. В праздничную программу вошли исполнение песен и танцев разных народов. Также участники продемонстрировали обычаи и традиции этносов.

You may also like...