КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ ҮМІТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ

Медеу аудандық мониторинг тобы Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тексеріс өткізіп, конкурстық іріктеуге санитарлық-эпидемиологиялық дайындығының барына оң бағасын берді.

▪️Зияткерлік мектепте міндетті дезинфекция жұмыстары жасалды
▪️Оқу ордасы жеке қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етілді
▪️Кіреберіс, тіркеу орындары, сондай-ақ конкурстық іріктеу өткізілетін барлық аудиторияларда антисептикалық дезинфекциялық құралдар орнатылған
▪️Үміткерлер мектеп аумағына термометрия нәтижесінен кейін ғана кіргізіледі
▪️Екі метр ара қашықтықты сақтау үшін еденде арнайы навигация белгілері орнатылған. Сондай-ақ, аталмыш ереженің сақталуын бақылау мақсатында арнайы кезекшілер тағайындалған.

Конкурстық іріктеуді барынша қауіпсіздендіру мақсатында Зияткерлік мектеп өз қызметкерлерін:
✔️дезинфекциялық кілемшелер
✔️байланыссыз термометрлер
✔️бір реттік медициналық бас киімдер
✔️қорғаныс экрандары
✔️медициналық қолғаптар
✔️медициналық маскалар
✔️кварц сәулелендіру құралдары
✔️кәдеге жаратуға арналған пакеттермен қамтамасыз етті.

Деніміз сау болсын! Санитарлық нормаларды сақтайық!

You may also like...