Тәжірибе алмасу бойынша семинар

25-26 наурыз күндері “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ тәжірибесін тарату бойынша онлайн семинар ұйымдастырылды. Оған 500-ге жуық Алматы қаласы мектептері директорлары, директор орынбасарлары мен мұғалімдер белсене қатысты.

 «Қашықтықтан оқытуда қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша оқу мен оқытудың тиімділігін арттыру» тақырыбындағы шара екі күнге созылды. Семинар барысында «Білім берудегі менеджмент: мектеп қызметін басқару», «Мұғалімнің міндеті: студенттерді онлайн сабақтарда сыни және шығармашылық ойлауға ынталандыру», «SMART бойынша мақсат қою және мектептегі тәлімгерлік» және өзге де өзекті тақырыптар қозғалды.

Пайдалы ақпарға толы аталмыш шара тәжірибе алмасып қана қоймай, жаңа дәуірде еліміздің білім сапасын жақсартуға септігін тигізбек.

You may also like...