“Толағай” отбасылық спорттық жарысы

Мектебімізде салауатты өмірді қалыптастыру мақсатында 7-сынып оқушылары арасында «Толағай» отбасылық спорттық жарысы өтті. Сайысқа ата-ана, оқушы және куратордан құралған 6 команда белсене ат салысты. Нәтижесінде 7М сыныбы «Торнадо» командасы 1-орын, 7К «Алау» тобы 2-орын, 7А сыныбы «Медеу» тобы 3-орынға ие болды.

Мектеп директоры Ермек Пайзов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Мансурова, дене шынықтыру пән мұғалімдері және аға педагог-ұйымдастырушы-куратор Әйгерім Маханова жарыста әділ қазылық етті.

«Толағай» отбасылық жарысы эстафета, әкелер мен аналар сайысы, мергендер, боулинг, арқан тарту кезеңдерінен тұрды. Бұл шара мектеп оқушылары мен ата-аналар арасында спортты кеңінен насихаттау, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және ұлттық патриоттық сезімді оятуға үлкен үлес қосты.

You may also like...