Алдияр Уалихан – джиу-джитсудан әлем чемпионы

Алдияр Уалихан

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы NIS 7 сынып оқушысы, спорт шеберіне үміткер Алдияр Уалихан Абу-Дабиде өткен джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Алдиярдың санатында 32 спортшы жарысқа түскен. Жалпы турнирге қатысушылар саны – 1300.

Алдияр Уәлиханның джиу-джитсумен айналысып жүргеніне 3 жыл болды. Әлем чемпионатына қатыспастан бұрын іріктеуден өткен. Ол Нұрсұлтан қаласында Қазақстан кубогын жеңіп алды және Қарағандыда Қазақстан чемпионатының жүлдегері болды. Одан бөлек көптеген республикалық және халықаралық турнирлердің чемпионы атанып жүр.

You may also like...