Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Қыс мезгілінің алғашқы күні өз қуанышын ала келді. Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі.

Елдің өткені мен бүгінін сарапқа салып, ой елегінен өткізіп көріңізші. Барлық ұлы істер, жасампаздықтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Елбасымыз ұлт болшағаның берік іргетасын қалап, ел шекарасын бекітіп, алыс-жақын көршілермен татулықты нығайтып, әлемдік алпауыттармен иық тірестіріп, қазақ елінің атын күллі ғаламға паш еткен жан. Кеңестің құрсауынан босап, өз алдына ел болғанымызда бұндай жайма-шуақ күн кешетіндігімізге күмәнмен қарағандар жетіп артылды. Бірақ сол бір күмәнді ойлардың барлығын сейілтіп, өткенінен өнеге ала отырып, еліміздің жарқын болашағын қалыптастырған кемел көшбасшы. Әр бастамасы ел игілігі үшін, келешек ұрпақ қамы үшін жасалуда.

Атаулы мерекемен баршаңызды құттықай отырып, елімізге амандық, жұртымызға береке, індеттің аман- есен аяқталуын тілейміз! Елбасымыздың дені сау, ұзақ ғұмыр жасап, көрегенділігімен қазақ елінің көшін алға сүйрей берсін. Мерекеміз құтты болсын!

You may also like...