НАЗАР САЛЫҢЫЗ! КОНКУРСТЫҚ ІРІКТЕУ!

Құрметті ата-аналар мен конкурстық іріктеуге үміткерлер!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды қабылдау конкурсы 2020 жылдың 20-21 маусымында өтетінін естеріңізге саламыз!

20 маусымда үміткерлер жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқу қабілетін бағалау үшін тест тапсырады. Ұзақтығы – 90 минут. 21 маусымда тілдік тест тапсырады. Ұзақтығы – 120 минут.

Қазақ тілінде оқитын үміткерлер тесттерді 20 және 21 маусымда бірінші лекпен тапсырады: тіркеу таңғы сағат 8:00-де басталады, бірақ бала ертерек келген жағдайда, тіркеу бірінші өтініш берушінің келуімен ертерек басталады.
Тіркеу сағат 09:31-де аяқталады. Талапкер тіркеуге кешіккен жағдайда тестілеуге жіберілмейді! Тест сағат 10:00-де басталады.

Орыс тілінде оқитын үміткерлер тесттерді 20 және 21 маусымда екінші лекпен тапсырады: тіркеу сағат 13:30-да басталады, бірақ бала ертерек келген жағдайда, тіркеу бірінші өтініш берушінің келуімен ертерек басталады.
Тіркеу сағат 14:31-де аяқталады. Талапкер тіркеуге кешіккен жағдайда тестілеуге жіберілмейді! Тест сағат 15:00-де басталады.

Алматы қаласы әкімшілігінің ресми мәліметі бойынша, 20-21 маусым күндері қалада карантин шаралары күшейтіледі. Қоғамдық көлік жүрмейді. Сондықтан, мектепке кешікпес үшін, жету жолыңызды алдын ала жоспарлауыңызды өтінеміз. Бұл жөнінде мектептің қабылдау комиссиясы қызметкерлері ақпараттандыруды бастады. Қазіргі уақытта 1816 адам хабардар.

Әр кандидаттың өзімен бірге төлқұжаты, қара (гельді емес) сиялы қаламы, сыртындағы жапсырмасы алынған суы бар бөтелкесі болуы керек.

Үміткердің медициналық маскада болуы және өзімен бірге тағы бір қосымша маска әкелуі міндетті! Кіреберісте әр өтініш беруші байланыссыз термометриядан өтіп, қолдарын санитарлық тазартқышпен өңдейді.

Үміткерлер мектептің сыртында да, ішінде де едендегі белгілер бойынша қозғалып, бір-бірінен 2 метр ара қашықтықты сақтауы керек.

Құрметті ата-аналар, тіркеу кезінде Жамақаев көшесінің бойындағы мектеп ғимаратына іргелес жолдың жабылатындығын хабарлаймыз.

Мектептің жанына көлік қоймаңыз, кептеліс жасамаңыз! Қозғалыс кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтап, мектептің жанындағы тротуарда жол белгілері бойынша жүріңіз!

Конкурсқа қатысушылардың мектепке кіруі: Жамақаев көшесінің бойындағы үш есік арқылы мектеп алаңына өтеді, одан әрі мектеп ғимаратына да үш есіктен кіреді.

Конкурсқа қатысушыларды мектептен шығу
ы: мектеп алаңынан Жамақаев көшесінің бойына үш есік арқылы шығады.

You may also like...