РФММ директоры және әкімшілік қызметкерлері мектебімізде

25 қараша күні мектебімізге Алматы қаласындағы  Республикалық физика-математикалық мектептің директоры Күнғожин Алмас Мұхамбетұлы және әкімшілік қызметкерлері келді. Жалпы жаңартылған білім беру мазмұны оның ішіндегі Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі NIS programm оқу білім беру бағдарламасының ерекшеліктерімен ақпараттандырылды. Бұдан бөлек мектебіміздің эксперименталды бөлімі мен тәрбие жұмыстарымен де таныс болды. Айта кететін жәйт, Алмас Мұхамбетұлы мектебімізде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Бұл біздің әріптес мектептеріміздің бірі. Сондықтан бұрыннан келе жатқан ынтымақтастық қарым-қатынасты одан әрмен қарай жалғастырып, еліміздегі физика-математика бағытын дамыту туралы ойлар қозғалды.  Бұл кездесуден қонақтарымыз өте жақсы әсер алып, өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.

Күнғожин Алмас Мұхамбетұлы бастаған топтың мектебімізге келгеніне зор алғыс білдіріп, алдағы уақытта барша ұжым жұмысына сәттілік тілейміз.

 

You may also like...