“Өркен” гранты

2 желтоқсаннан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2021-2022 оқу жылында Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбав Зияткерлік мектебінің 7-сыныптарында оқуға үміткер оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсын жариялайды.

Еліміздегі карантиндік режимнің барлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында қабылдау комиссиясына жазылу мектебіміздің ресми сайтындағы арнайы онлайн брондау арқылы жүзеге асырылады. 

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жүзеге асырылады.

You may also like...