Сертификат тұсаукесері (неміс тілі)

2018 жылдың 22 мамырында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 7-8 сынып оқушыларын А1-А2 деңгейлі дипломдармен марапаттау рәсімі өтті.

Жыл басынан неміс тілін үйрену курсына 32 оқушы қатысты. Оқушылар курсты әліпбиді үйренуден бастап 9 айдан соң 1-деңгей емтихан сәтті тапсырды. Гете институтының (Алмания) А1 сертификаты үйренушінің неміс тілін бастапқы деңгейде меңгергендігін растайды. «Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзырлылығына» сәйкес бұл сертификат ресми алтыдеңгейлік жүйенің А1 деңгейіне сәйкес келеді. Аталмыш құжат неміс тілін элементарлы деңгейде меңгеруін ғана емес, ары қарай оқуды жалғастыруға мүмкіндік пен жақсы уәж береді. Fit in Deutsch 1 ресми түрде әлем бойынша қабылданады.

Наурызбаева Камилла және Шелемба Кристина атты оқушыларымыз Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқыған жылдар барысында неміс тілін үйреніп, С1 деңгейлі сертификаттарын иеленді, ал бұл түлектерімізге Алманияның кез келген ЖОО – на тілдік тестіні тапсырмай түсулеріне мүмкіндік береді. Шәкірттерімізге жеткен жетістіктерінде тоқтап қалмай, одан да жоғары мақсаттарға жете беруін тілейміз. Қажырлы еңбек керемет нәтижелерін берері сөзсіз.

You may also like...