«Туған елге тағзым»: төртінші күн

Экспедицияның төртінші күні алматылық NIS оқушылары Қайыңды көліне сапар шекті. Қайыңды көлі Саты ауылына жақын Тянь-Шань тау жүйесінде, Алматы облысы теңіз деңгейінен 1900 метр биіктікте орналасқан. Жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған Қайыңды көлінің көркін шыршалар келтіріп тұр.


⠀Саяхат кезінде оқушылар көлдің көгілдір түсі цианобактериялар мен микробалдырлар сияқты фотосинтетикалық микроорганизмдердің әсерінен пайда болғанын білді. Объект табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне кіреді. Ұлттық парк флорасының 700-ден астам түрі бар.

Мұнда Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер кездеседі, омыртқалы жануарлардың 200-ден астам түрі бар.

You may also like...