Алғыс айту күні

Бүгін көктемнің алғашқы күні елімізде Алғыс айту күні мерекесі.

Бұл осымен 5-ші рет аталып отырған, Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мейрам.

Осы ретте жалпы әлем халқына, қазақ еліне, білімді жастар мен ел тұтқасын ұстаған ардақты азаматтарға, аяулы қыз-келіншектерге алғыс айтамыз!
Мейірімді мереке құтты болсын!

You may also like...