NIS түлектері сүйікті мектептеріне оралды

23 желтоқсан күні Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-те дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып жатқан «Samgau» атты түлектер форумы өтті.

Күні кеше мектеп қабырғасында біліп алып жүрген зияткерлік мектеп түлектері – бүгінде белгілі тұлғаларға айналып, еліміздің дамуына сүбелі үлестерін қосып жүр.

Сол түлектер бүгінгі форумда өздерінің сүйікті мектептеріне қайта оралып, достарымен және ұстаздарымен кездесіп, оқушылармен өздерінің шет елдегі және Қазақстандағы ең беделді деген ЖОО түсу тәжірибелерімен бөлісті.


Зияткерлер де түлектерден қалыс қалмай, әлеуметтік, инновациялық, психологиялық тақырыптарда өздерінің жеке жобаларымен таныстырды.


2016 жылғы және жақында ғана мектеп табалдырығын аттаған түлектердің басын біріктірген бұл форум зияткерлер үшін үлкен «networking» алаңына айналды.

Іс-шара соңы кішігірім интерактив ойындармен және спикерлік сағаттар өткізген түлектер мен оқушыларды марапаттаумен түйінделді.

You may also like...

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *