
Қазақстанның ұлттық құрама командасына кірген алматылық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Таир Сатубалдин мен Нұрасыл Әбдіразақ қашықтықтан өткен 38-ші математикадан Балқан олимпиадасына (ВМО-2021) қатысып, күміс және қола медаль жеңіп алды. Беделді Балқан олимпиадасы 2021 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.
⠀
Додадан жүлделі оралған дарынды математиктерді олимпиадаға дайындаған Алматы ФМБ NIS математика мұғалімі Нұрсұлтан Хаджимұратов.
⠀
“Тапсырмалар қызықты болды, бірақ олимпиаданың қыркүйек айында және онлайн түрде өткені өкінішті. Бұрын осы дода барысында Еуропа елдерінде болып, IMO алдында өз күшіңді сынап көру мүмкіндігі болатын, биыл олай емес” ,- деді 12 сынып оқушысы Таир Сатубалдин.
⠀
Айта кету керек, командалық есеп бойынша Қазақстан 18 елдің арасында 6 орынға табан тіреді.