Алғашқы қоңырау – келешектің бастауы

Бүгін 144 оқушы Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім алушылары қатарына ресми қосылды. 7-ші сыныптар үшін алғашқы қоңырау соғу мәртебесі қабылдау емтиханында ең жоғары ұпай жинаған Айтуған Ізбасарұлы (1255 ұпай) және Іңкәр Баққожаға (1243 ұпай) бұйырды. Алғашқы қоңырау үнімен зияткерлер мектеп табалдырығын бірінші рет аттады.



Олардың қатарында, осымен үшінші немересі NIS мектебінің оқушысы атанып отырған Кульзия Саркулова ханым бар. Ол бүгін 7б сынып оқушысы Ахмедақжан Жолдасбекті білім ордасына қондырып, жүрекжарды лебізін арнады:

“Ұстаз деген ұлағатты сөз. Оқушыларға біліммен қатар тәрбие беретін есімі үлкен әріппен жазылған жандар. Бүгін мектеп табалдырығын аттаған балалар 21 ғасырдың ең озық бітіруші сыныбы болады деп сенемін. Мен бақытты әжемін. Немерем Ақерке Жолдасбек осы мектепте 12 сынып, Айша Жолдасбек 9 сыныпта, енді Ахмедақжан 7 сыныпта оқиды”.

You may also like...