NIS қоржынына 6 алтын медаль

25-30 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Алматы қаласы ФМБ NIS оқушылары Камилла Ильясова қазақ тілінен, физикадан Ерсұлтан Пітебай, математикадан Нұрасыл Әбдіразақ, информатика пәнінен Мухамадариф Сахмодин, химиядан Азамат Жақсылықов және биологиядан Ерасыл Мухамедияров алтын медаль жеңіп алды!
Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, Олимпиада “Ustudy” орталықтары негізінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда жер-жерде өтті.
Айта кету керек, республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557 қатысушы бақтарын сынаған болатын.
 

You may also like...