NIS оқушылары Республикалық олимпиадада 6 күміс медаль жеңіп алды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиада математикадан Таир Сатубалдин, Альдинаш Сейтенов пен Асылбек Олжабаев, информатикадан Ернар Садыбеков пен Амир Нуриев, физикадан Артур Николаенко күміс жүлде иегері атанды!
Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, Олимпиада “Ustudy” орталықтары негізінде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, өңірлер мен республикалық маңызы бар қалаларда жер-жерде өтті.
Айта кету керек, республикалық олимпиада 9-11 сынып оқушылары үшін ең ауқымды шара. Қазақстандағы қатысушылар саны бойынша жетекші орын алатын Олимпиада 16 жалпы білім беретін пәндерді қамтиды. Биылғы оқу жылында Республикалық олимпиаданың мектеп кезеңіне 1 миллионға жуық бала қатысты, оның ішінде 91 179 оқушы аудандық кезеңге өтті, облыстық кезеңде 12 521 оқушы жарысты, ал қорытынды кезеңде Қазақстанның барлық өңірлерінен 1557 қатысушы бақтарын сынаған болатын.

You may also like...