Үйірмелер жәрмеңкесі

Жаңа оқу жылының бірінші аптасында Алматы қаласында орналасқан физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кезекті «Үйірмелер жәрмеңкесі» өтті. Бұл жәрмеңкеде спорттық, көркем-эстетикалық, көркем-қолданбалы, техникалық және зияткерлік бағыттағы үйірмелер ұсынылды. Оқушылар үйірмелерді өздерінің қызығушылықтары мен қалаулары бойынша таңдайды. Жәрмеңке барысында мектептің вокалды-инструменталдық ансамбль үйірмесі оқушыларды өздерінің көңілді әндерімен қызықтырса, breakdance үйірмесінің жетекшісі өзінің әсерлі билерімен таң қалдырды. Жетекшілер өткізілетін үйірмелердің мақсаты мен қандай дағдыларды қалыптастыратыны туралы әр оқушыға ақпарат берді.
Білім алушылар мектеп қабырғасында өткізілген үйірме жәрмеңкесінен жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен қайтты. Балаларымен бірге таңдау жасауға келген ата-аналар да өткізілген іс-шараға көңілдері толып, ризашылығын білдірді.
Жүргізіліп жатқан 30-дан астам үйірмеге мектебіміздің 500ден астам оқушысы жазылды. Оның ішінде мектеп табалдырығын аттаған 7-сынып оқушыларының 100% тіркелді.
Өмір бойы білім алу ұстанымын алға қойған оқушылар жаңа дүниені үйренуден еш жалықпайтындығын көрсете алды.

You may also like...