Мәжіліс депутаты Зағипа Балиевамен кездесу

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиевамен кездесу өтті.
 

 

Зағипа Балиева – алдымен мектептің тыныс-тірлігімен танысты. «Робототехника», «Шаңырақ» қауымдастығы, дебат клубттарына белсенді атсалысып жұрген оқушылармен тілдесті.

Кездесу барысында Елбасының жариялаған «Жастар жылы» аясында атқарылатын ауқымды шаралар жөнінде де айтылды. “Әсіресе басымдық ғылымға берілмек. «Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олардың жаһандық талаптарға сай білім алуына барлық жағдай жасалып келеді. Озық идеяларға, ұтымды жобаларға қаржы қарастырылған. Бұл өз кезегінде инновациялық жобасы бар жастардың халықаралық сайыстардан топ жарып, грант ұтып алуына жасалып жатқан қолдау деп білген жөн. Осы арқылы ғылымды дамытамыз»,- деді депутат.

Кездесу соңында оқушылар халық қалаулысымен естелік суретке түсті.

You may also like...