Мектеп тәжірибесін тарату туралы жоспарды талқылауға арналған кездесу

2021-2022 оқу жылындағы Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату туралы жоспарын талқылауға арналған кездесу өтті. Мақсаты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату жоспарын талқылау және бекіту.

Жетекші мектеп басшыларымен кездесу барысында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директоры Ермек Пайзов «Мектепті басқаруда жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін негізге алынатын басты мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.

Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Берік Асубаев «Мектепішілік бақылау» және «Жетекші мектептер» туралы сөз қозғады.

«Онлайн оқудан кейінгі оқу процесін ұйымдастыру, оқушылардың әл-ауқатын қалыптастыру» туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мария Скопцова және мектеп-психологы Сандугаш Жакамбаева айтып берді.

Алматы қаласы № 86 мектеп-гимназиясының директоры Калдыкыз Мусаева және № 152 мектеп-гимназиясының директоры Рима Абдикаримова «NIS тәжірибесін таратудың нәтижесі және тиімділігі» туралы ойымен бөлісті.

Қаңтар айында “Математика” және “Информатика” пәндері бойынша жаңартылған білім беру мазмұны аясында сараланған оқыту семинарын өткізу жоспарланып отыр.

You may also like...