АТА-АНАЛАР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар арасында желілік спартакиада өтті. Cайыс мектептің 5 жылдық мерейтойына арналды.

 

 

Жарысқа Өскемен, Талдықорған, Шымкент және Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты. Барлығы 100 ге жуық адам. Тартысты додаға барынша дайындалып келген командалар волейбол, үстел теннисі мен шахматтан сынға түсті. Әр ата-ана жарыстың барлық түрлеріне белсене қатысты.

–         Біз үнемі мектепте өтетін іс шараларға белсенді түрде қатысамыз. Осы жарысқа да жақсылап дайындалдық. «Жеңіске жетеміз» деген сенімдемін. Барлық командаларға сәттілік тілеймін! Жалпы, Салауатты өмір салты – дені сау ұрпақ тәрбиелеудің басты бағыты дейтін болсақ, біз ата-аналар балаларға үлгі болуымыз қажет. Тек осындай жарыстарда ғана емес күнделікті өмірде спортты серік ете білсек, дені сау салауатты ұрпақ тәрбиелейміз,-дейді Өскемен командасының мүшесі Сабырбай Сахариев.

Жарыстың мақсаты – ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ата-аналары арасында командалық спортық ойындар арқылы ынтымақтастық рухын  қалыптастыру. Мектеп ұжымы мен ата-аналар арасында тығыз қарым-қатынас орнату. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  ата-аналар қауымдастығын  дене шынықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру.

Кешке қарай жеңімпаздар да белгілі болды.

Үстел теннисі:

1 орын – Алматы ФМБ НЗМ

2 орын – Өскемен ХББ НЗМ

3 орын – Шымкент ХББ НЗМ

Волейбол:

1 орын – Шымкент ХББ НЗМ

2 орын – Алматы ФМ НЗМ

3 орын – Өскемен ХББ НЗМ

Шахмат:

1 орын – Алматы ФМБ НЗМ

2 орын – Алматы ФМБ НЗМ

3 орын – Талдықорған ФМБ НЗМ

Жалпыкомандалық есеп бойынша:

1 орын – Алматы ФМБ НЗМ

2 орын – Шымкент ХББ НЗМ

3 орын – Өскемен ХББ НЗМ

Жарыс соңында мектеп директоры Күлфарида Раисова қатысушыларға жеңіске деген ынталарына алғысын айтып, жаңа спорттық жетістіктерге жете берулеріне тілектес екенін білдірді.

 

You may also like...