Білімнің биік белесінде

Алматы физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебін 5 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Не бәрі 5 жыл ішінде мектеп ұжымы, оқушылары және ата-аналарымен бірге үлкен  жетістіктерге қол жеткіздік.  Мектеп оқушылары түрлі деңгейдегі олимпиадалармен ғылыми жобалар жарысында топ жарып, алдыңғы орындарға шығып, соның нәтижесінде «Ең үздік олимпиадалық мектеп» атағына бірнеше жыл қатарынан ие болу мектеп ұжымының білім саласындағы ерен еңбегінің жемісі ретінде бағалаймын.

Біздің мектеп ұстаздары кәсіби білікті, шығармашыл, иновацияға толы, өз істерінің шеберлері екеніне еш күмән жоқ. Соның дәлелі ретінде  оқушылардың жетістіктері, мектеп түлектерінің отандық және шетелдің беделді университеттеріне түсулерін айта аламын.

Мектебіміз тек көркейе берсін, оқушыларымыз жетістіктерімен қуантып, еліміздің саналы патриот азаматтары болсын деген тілек айтам!

Мәулен Телеубаев, география пәнінің мұғалімі

You may also like...