Химия пәнінен онлайн сабақтар басталды

Көптеген оқушылар мен ата-аналар коронавирус пандемиясына байланысты қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық танытқанын ескере отырып, Beyondcurriculum мектебі химия пәнінен онлайн сабақ өткізуді қолға алды. Ұйымдастырушы топ оқу жүйесінің негізі ретінде мектеп бағдарламасының төртінші тоқсан тақырыптарын алып отыр. Платформадағы онлайн-оқытушылардың бірі – Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімі Гүлім Үсенова.

Әр сабақ YouTube-арнасында стрим форматында өтеді. Стрим жазбалары сақталады. Ең бастысы – әр видеодан кейін жаңа материалды практика жүзінде бекітуге, сондай-ақ арнайы құрылған қуымдастықта сізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік бар.

 

You may also like...