Мектебіміздің оқушылары ашқан бизнес-клуб

Мектебіміздің 11 “A” сынып оқушылары Манатаев Қасым мен Айбасов Даниал мектебімізде бизнес-клубын @businessclub.nis ашқан болатын.  

Бизнес-клуб оқушыларға Қазақстанның жетекші кәсіпорындарына барып, ол салалардың жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік жасап, мектеп өмірінде үлкен белсенділік танытып отырды. Кәсіпорындар қатарында:
Rahmet (интернет-коммерция агенттілігі), Capital Partners (жобалық компания) және Kinopark 11 (кинотеатр). Компания өкілдері өздерінің офистерін көрсетіп, жұмыс істеу принциптерімен таныстырды.


Бұдан бөлек, бизнес-клуб орта және ірі кәсіп иелерімен кездесулер өткізген болатын. Атап айтар болсақ:
Шынар Бүгімбаева (“Қағанат” желісінің құрушысы), Нурлан Манатаев (ht.kz турагенттігі директоры) және Аида Кауменова ( Aida KaumeNOVA брендінің директоры, бас дизайнері).

Қоса кететін жайт, бизнес-клуб Harvard Business School профессорлары дайындаған кейстерді меңгеру арқылы, оқушылардың бойындағы талдау қабілеттерін дамыта түседі және әр компанияға өз бетінше сараптама жасауға мүмкіндік береді.

Ескерте кететін жағдай, суреттерде оқушылардың әлемдік пандемия басталғанға дейінгі кездесулері. Карантиндік режим аяқталған соң да оқушыларымыз бұдан да жоғары деңгейдегі шараларды ұйымдастыратындығына сеніміміз зор.

Толық ақпарат: @businessclub.nis 

You may also like...