Назарбаев Зияткерлік мектептерінде конкурстық іріктеуге құжаттар қабылдау басталады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2020-2021 оқу жылына оқушылар контингентін қалыптастыру мақсатында Ақтөбе, Алматы,  Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал, Семей, Талдықорған, Тараз, Шымкент ққ. физика-математикалық бағыттағы және Ақтау, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент ққ. химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және Нұр-Сұлтан қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жариялайды.

 Құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 18 желтоқсан мен 2020 жылғы 31 қаңтар аралығында келесі мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:

  • Нұр-Сұлтан қ. (физика-математикалық бағыттағы), Хусейн бен Талал к.,
    21 ғимарат (Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-98-01;
  • Нұр-Сұлтан қ., Хусейн бен Талал к., 19 ғимарат (Назарбаев Университетінің арты), тел.: 8 (7172) 55-80-33;
  • Ақтау қ., 33 ықшам ауданы, 16 ғимарат, тел.: 8 (7292) 70-10-66;
  • Ақтөбе қ., Астана ауданы, Мәңгілік Ел к., 8 құрылым, тел.: 8 (7132) 70-47-80;
  • Алматы қ. (физика-математикалық бағыттағы), Горный Гигант ықшам ауданы, Жамақаева к., 145, Нұрлыбаев к. қиылысы, тел.: 8 (727) 331-01-00;
  • Алматы қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Қалқаман-2 ықшам ауданы, Елібаев к., 2, тел.: 8 (727) 331-01-10, 331-01-07;
  • Атырау қ., Нұрсая ықшам ауданы, 11 к., 22 ғимарат, тел.: 8 (7122) 55-85-51;
  • Қарағанды қ., Шахтерлер даңғылы, 62, тел.: 8 (7212) 55-88-80;
  • Көкшетау қ., Ж. Тлеулин к., 59, тел.: 8 (7162) 25-31-40;
  • Қостанай қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239, тел.: 8 (7142) 99-97-47;
  • Қызылорда қ., Сұлтан Бейбарыс к., 6, тел.: 8 (7242) 55-11-51;
  • Павлодар қ., Ткачев к., 16/2, тел.: 8 (7182) 70-47-40;
  • Петропавл қ., И.Ибраев к., 22А, тел.: 8 (7152) 55-97-22, 55-97-28;
  • Семей қ., Қарағайлы ықшам ауданы, 1, тел.: 8 (7222) 63-63-50;
  • Талдықорған қ., Каратал ықшам ауданы, 47, тел.: 8 (7282) 55-88-80, 55-88-81, 55-88-83;
  • Тараз қ., Арай массиві, Домалақ ана к. 266, тел.: 8 (7262) 99-98-55;
  • Өскемен қ., Қ. Сәтпаев даңғылы, 53, тел.: 8 (7232) 56-01-25, 56-08-43;
  • Орал қ., Московская к., 16, тел.: 8 (7112) 55-45-12;
  • Шымкент қ. (физика-математикалық бағыттағы), Ақжайық ықшам ауданы, Элитный қалашығы, 6 ғимарат, тел.: 8 (7252) 29-44-88;
  • Шымкент қ. (химия-биологиялық бағыттағы), Нұрсәт ықшам ауданы, 1А,
    тел.: 8 (7252) 77-55-34.

 Тестілеу 2020 жылғы 14-15 наурыз күндері өтеді. Толық ақпаратты www.nis.edu.kz веб-сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.

#НЗМ #НИШ #NIS

You may also like...