Назарбаев Зияткерлік мектебіне жасалған ғылыми-ағартушылық экскурсия

2019 жылдың 30 қарашасында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Алматы қаласының тұрғындары үшін «Ашық есік күні» аясында Зияткерлік мектепте ғылыми-ағартушылық экскурсия ұйымдастырды. Ашық есік күніне келген оқушылар және ата-аналар ғылыми-кеңейтілген зертханаларда Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары және оқушылары әзірлеген ғылыми лекторийлер мен шеберлік сыныптарына қатысты.

Ашық есік күніне 2 мыңнан астам Алматы қаласы Медеу ауданының оқушылары, сонымен қатар Бостандық, Әуезов және Алмалы аудандарына,және Қапшағай қаласынынақарасты орта білім беретін мектептердің оқушылары, ата-аналары және ұстаздары қатысты.
Биылғы жылы Ашық есік күніне Алматы облысының №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері де келді.

Зияткерлік мектептің ғылыми-ағартушылық экскурсиясы ғылымдағы жаңалықтар, жоғары технологиялық зертханалар, білімнің қолайлы ортасы және орта білім саласындағы тың идеяларды орта мектептердің оқушыларына жеткізуге бағытталды. Экскурсия 7 станцияны қамтыды. Атап айтқанда, оқушылар заманауи ғылымның өзекті тақырыптарына бағытталған салалармен кеңінен таныса білді, мысалы биологиядан ағзаның толыққанды құрылысы, робототехникадан адам-машина интерфейстары, робот құраудың қыр-сырлары, физикадан электромагнитизмнің базалық ұғымдары, электр құралдарының жұмысы туралы ғылыми түсініктер, тарих пәнінен «Ұлы даланың тарихына саяхат»: тұлғалар, архитектуралық нысандар және тайпалық бірлестіктер мен ортағасырлық мемлекеттердің тарихына саяхат жасай білді. Қазақ тілі және әдебиеті саласында ұлттық салт-дәстүрлер, қазақ әндерінің әдебиеттік эстафетасы өткізілді. Орыс және ағылшын тілдері өз саласының қызықты ойындарын балаларға таныстырды.Бұдан өзге ұстаздармен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебінің білімді оқушылары өздерінің тәжірибелері, үйірмелері туралы насихаттады. Атап айтқанда, Ракета құрылысы және ғарыш техникасы, астрономия туралы зерттеулерімен бөлісті. Ал, биология және химия станцияларында оқушылар ақ халат киіп, ағза және қоршаған ортаның кішкентай зерттеушілеріне айналды, өз қолдарымен эксперименттер жасай білді.TEDx және Экспонента жобалары келушілердің жоғары қызығушылығына ие болды.

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантының болашақ үміткерлеріне табыстар тілейді.

You may also like...