Абзал Еркін Гонконг Баптист Университетіне грант жеңіп алды

Бізде керемет жаңалық! Мектебіміздің 12 сынып оқушысы Абзал Еркін Гонконг Баптист Университетіне грант жеңіп алды! Ол енді бизнес-мектепте қаржы саласында білімін шыңдамақ. Абзалдың жылдық шәкіртақы мөлшері – 25.000 доллар.  Жоғары оқу орнында студенттердің  білімін тәжірибе жүзінде қолдануға көмектесетін Experiential Learning бағдарламасы бар. Абзалдың айтуынша, интервьюге дайындық барысында қиындықтар …

Jump Rope онлайн жобасы жеңімпаздары

Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында секіртпе турнирі өтті.⠀Jump Rope онлайн жобасы қарсаңында 12 оқушы үздік нәтижемен жеңіске жетті. Жеңісқызы Алтынай, Көбей Дінмұхаммед, Цай Анастасия және Жұма Нұрхан бірінші орынға ие болды.⠀Бас төреші Досан Даңғылбаев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Теміров …

Ерасыл Барбосын ақиық ақын Мұқағалидың сайысында көш бастады

Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Кіл мықтыда кім мықты?» танымдық-зияткерлік ойыны өтті.⠀Сайысты Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS ұйымдастырды. Мектебіміздің 10В сынып оқушысы Ерасыл Барбосын 1-орынды жеңіп алды. ⠀Ойынға Тараз қаласы ФМБ, Алматы ФМБ және Алматы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары …

Желілік олимпиада күнделігі: ІІ күн

⠀ Алматы ФМБ Назарбаев зияткерлік мектебінен олимпиадаға физика пәні бойынша 6 оқушы қатысты. Олардың төртеуі олимпиадада алғаш рет бақ сынауда.⠀Ал 11Б сынып оқушысы Сырымхан Нуриддин сайысқа осымен 4-ші рет түсті. Оның қоржынында қос күміс және 1 қола медаль бар. Сол себепті Сырымхан осы жолы алғашқы …

NIS желілік олимпиадасы басталды.

⠀ Бүгін желілік олимпиада партасына Зияткерлік мектептердің 700-ден астам оқушысы отырды, олардың ең үздіктері республикалық додада NIS намысын қорғайтын болады. ⠀Бүгін Республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңінде, мектебіміздің 8 дарынды оқушысы химия және биология пәндері бойынша білім додасына қатысты.⠀Химия пәні бойынша Азамат Жақсылықов, Лейла Сидорова, Анель Серікова, Жангир …

NIS қоржынына тағы бір авторлық құқық!

Мектебіміздің мұғалімдеріне «ДИФФЕРЕНЦИЯЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР I бөлім» атты есептер жинағын әзірлегені үшін авторлық құқық берілді.⠀ Алматы ФМБ НЗМ мектебінің модератор-мұғалімі Джургабаев Берік Ерболатұлы, сарапшы мұғалімі Сәді Айбын Жәнетұлы және Алматы ХББ НЗМ мұғалімі Джургабаев Серік Ерболатұлының атқарған еңбегі зор!⠀Бұл әдістемелік құралда Дифференциалдық теңдеулер тақырыбындағы есептер берілген. …

Exponenta жастар журналы

Подкаст, мақала, пайдалы ақпарат – мұның бәрі @exponenta.magazine порталының жан-жақтылығы туралы. Экспонента Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің белсенді оқушылары құрған жоба. 2018 жылы Азамат Атабаевтың бастауымен қолға алынды. Қазіргі таңда портал құрдастарына сапалы контент ұсынуға ниетті 15 зияткердің басын қосып отыр. Мақсатты жүзеге асыру …

Секіруден мектеп чемпиондары

Бұл біздің мектебіміздің мақтаныштары! ⠀8-12 ақпан аралығында “Спорттық Алматы” бағдарламасы аясында өткен “Прыгай выше головы” онлайн турнирінің жеңімпаздары.Турнирді Дене шынықтыру кафедрасы ұйымдастырды. Бас төреші – Досан Даңғылбаев. Үздіктерді Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Теміров марапаттады! Турнир Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен онлайн өтті. ⠀Әлемді жаулаған …

Медет Джумадильдаев – Республикалық ғылыми жобалар сайысының жеңімпазы

Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Медет Джумадильдаев республикалық ғылыми жобалар сайысында I орын жеңіп алды.⠀Конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.Шара 9-12 ақпан күндері онлайн форматта өтті.⠀Конкурстың қорытынды бөліміне еліміздің барлық аймағынан ең үздік 567 жоба және 750 дарынды оқушы таңдап алынды. Солардың …