Ақназар есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады

Алматы қаласы «физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының атынан түлегіміз Қажымұрат Ақназардың қазасына байланысты жақындарына, достарына және туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Мектебіміздің ең дарынды және орны толмас оқушысынан айырылғанымыз өкінішті.

«Туған елге тағзым»: екінші күн

Мектептің жас зерттеушілері экспедицияның екінші күнінде Іле-Алатау ұлттық саябағының құрамындағы Сұлу шатқалында және Түрген сарқырамасында болып қайтты.⠀Оқушылар Түрген шатқалындағы 7 сарқыраманың бірі, биіктігі 30 метрді құрайтын «Аюлы» сарқырамасына көтеріліп, жасыл шыршалар және шыңдар арасындағы бейнелі көріністі тамашалады. Шатқалдағы шыңдар жер сілкінісі кезінде бөлініп, мұзды кезеңге …

NIS ғылыми жобаларының желілік байқауы басталды

Еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінен 300-ден астам оқушы төрт бағыт бойынша 264 жоба ұсынады.⠀Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалардың желілік байқауы 1-6 қараша аралығында қашықтан өтеді. ⠀Оқушылар «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – …

Тоғызқұмалақ желілік спартакиадасы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан IV желілік спартакадасы басталды. Жарыс 1-3 қараша аралығында онлайн түрде өтеді. Аталған жарыста Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын келесі оқушылар қорғайды:⠀▫️Мухан Құралай Толыбайқызы (8В сыныбы)▫️Куандық Нұрсұлтан Бахытжанұлы (10C сыныбы)▫️Нөкен Рахима Амандыққызы (10C сыныбы)⠀Ұлттық ойынның жанкүйерлері қарсыластарымен …

“Туған елге тағзым – 2021” экспедиция: 1 күн

«Туған елге тағзым – 2021» өлкетанулық-зерттеу экспедициясы бастау алды Биыл 2021 жылдың 1-5 қарашадағы тоқсанаралық демалыс уақытында Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік деп танылған шаңырақ оқушылар қауымдастығынан 40 оқушы экспедицияға қатысуда. Жас өлкетанушылар биылғы зерттеуді өз өлкелерінде өткізуде. Экспедиция барысында оқушылар Алматының …

“Атамекен” тарихи-мәдени орталығында кездесу өтті

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мекемелер мен Қарасай ауданының мемлекеттік мекемелердің қызметкерлінің қатысумен «Кемеңгер көшбасшы» атты кездесу ұйымдастырды. Салтанатты шараға Қарасай ауданының әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов, …

Қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класс

Eco-club ұйымдастырған қалдықтарды сұрыптау бойынша мастер-класс өтті. Оқу жылының басынан бастап мектеп дәліздерінде қоқысты бөлек жинауға арналған бокстар орнатылды. Бірақ қалдықтарды дұрыс сұрыптау, қайта өңдеуге болатын қоқыстар және пластикалық таңбалаудың түрлері туралы көп адамдар біле бермейді. Сондықтан бұл туралы шеберлік сыныбында 9 сынып оқушысы, Eco …

Халықаралық қар барысы күні: NIS оқушылары Аюсайда

23 қазан – Халықаралық қар барысының күні. Осыған орай мектебіміздің оқушылары Аюсай визит-орталығында болып қайтты. Шараға Зоология институты, Іле Алатау ұлттық паркі және Аюсай визит-орталығының қонақтары қатысты. Оқушылар визит-орталығы және Зоология институтының презентациясын тыңдап, сарқырамада экскурсия жасады. Алматылық танымал суретші Санжар Жұбановтың шығармашылығымен танысты. Барыстарға …

Worldskills Almaty чемпионатының жеңімпазы – Эльнур Халметов

Алматылық NIS 11 сынып оқушысы Эльнур Халметов WorldSkills Almaty чемпионатының өңірлік кезеңінде мобильді робототехника санатында 1 орын алды. Енді Эльнур 22-27 қараша аралығында Көкшетау қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатына қатыспақ.⠀WorldSkills International- халықаралық коммерциялық емес қауымдастық, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби дайындық пен біліктіліктің …

NIS түлектерінің кездесуі өтті

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектер бас қосып, кездесу өткізді. Шараға NIS дамыту қорының директоры Назипа Аюбаева, EdCrunch халықаралық конференциясының негізін қалаушы, МИСиС ұлттық университетінің онлайн оқыту жөніндегі директоры Нұрлан Қиясов, Alumni NIS қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Ален Ақылбеков және мектеп түлектері қатысты. ⠀Форум …